2026 жылғы 26 мамырда Қызылорда қаласында Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 2026 жылғы 13 наурыздағы №4359-26-00-3/1792 қаулысын орындау мақсатында контрафактілік өнімдерді жою жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шара барысында «Zielinski Rozen» Perfumérie компаниясының тауар белгісіне заңсыз ұқсас белгілер бейнеленген 12 дана өнім анықталып, оларды айналымнан шығару және жою шаралары қабылданды. Контрафактілік тауарлар арнайы тәртіппен өртеліп жойылды. Жою жұмыстары заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылыды. Іс-шараға бөлім басшысы – аға сот орындаушысы, мемлекеттік сот орындаушысы, бөлім мұрағатшысы және куәгерлер қатысты. Бұл жұмыстар зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, контрафактілік өнімдердің заңсыз айналымының алдын алу және тұтынушылардың құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/1228484?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау