Құрметті түлектер!
Маңғыстау облысы Полиция департаменті баршаңызды мектеп бітірулеріңізбен, «Соңғы қоңырау» мерекесімен шын жүректен құттықтайды!
Бүгін – сіздер үшін ерекше күн. Алда үлкен өмірге қадам басып, жарқын болашаққа жол ашқалы тұрсыздар. Осы айтулы сәтте Сіздерге зор денсаулық, толағай табыс және арман-мақсаттарыңыздың орындалуын тілейміз.
Сонымен қатар, мереке күндері қауіпсіздік пен тәртіптің маңыздылығын еске саламыз. Жастар арасында құқық бұзушылықтың, жол-көлік оқиғаларының, түнгі уақытта заң талаптарын бұзу фактілерінің алдын алу – баршамызға ортақ міндет.
Түлектер мен жастардың назарына:
Автокөлік басқарғанда жол жүрісі ережелерін қатаң сақтаңыздар. Жылдамдықты асырмаңыздар, қауіпсіздік белдігін тағыңыздар.
Белгіленбеген орындарда суға түсуге қатаң тыйым салынады.
Түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз себепсіз жүруіне жол берілмейді.
Қоғамдық орындарда тәртіп сақтап, өзгелердің тыныштығын бұзбаңыздар.
Әлеуметтік желілердегі қауіпті челлендждер мен арандатушылықтарға ермеңіздер.
Құрметті ата-аналар! Балалардың қауіпсіздігі – ең алдымен Сіздердің жауапкершіліктеріңіз. Мереке күндері балаларыңызға ерекше көңіл бөліп, олардың қайда және кіммен жүргенін бақылауда ұстауларыңызды сұраймыз.
Құрметті түлектер! Сіздер – еліміздің ертеңі, жарқын болашағысыздар. Әрқашан заңды құрметтеп, тәртіпті әрі саналы азамат болыңыздар. Ел игілігіне қызмет ететін білімді, тәрбиелі тұлға болып қалыптасуларыңызға тілектеспіз.
Мереке күндері облыс аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқаратын болады.
Мереке құтты болсын! Ақ жол!
https://www.instagram.com/reel/DYyeD9xsDjj/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1228174?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау