Маңғыстау облысында өрт сөндіру бөлімдері арасында арқан тартыстан жарыс өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастыруымен өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері арасында арқан тартыс жарысы өткізілді. Аталған сайыс қызметкерлердің дене дайындығын шыңдап, командалық бірлік пен өзара қолдауды нығайтуға бағытталды.

Жарыс барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, төзімділік пен ұйымшылдықты көрсетті. Тартысты өткен бәсеке қорытындысы бойынша:

1 орын -13 ӨСБ

2 орын- 3 МӨСБ

3 орын- 2 МӨСБ

Арқан тартыс — өрт сөндірушілер мен құтқарушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, жауынгерлік рухты көтеретін спорт түрлерінің бірі. Осындай іс-шаралар қызметкерлер арасындағы ынтымақтастықты арттырып, кәсіби шеберлікті жетілдіруге ықпал етеді.

Маңғыстау облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-mangystau/press/news/details/1228357?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version