«Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» облыстық байқауы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ-нің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 25-26 мамырында меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі ұйымның барлық педагог қызметкерлері арасында республикалық «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі»   байқауының облыстық кезеңін өткізді.

Байқаудың мақсаты: заманауи жағдайда үздік педагогикалық тәжірибені анықтау, жалпылау және тарату.

Байқауға түскен қатысушылардың Ережеге сәйкес Е-портфолиолары; кіріктіріле ұйымдастырылған іс-әрекеттері; «Заманауи педагог қандай болуы керек?»  тақырыбындағы эссе бағыттары бойынша қаралды. Сонымен қатар жұмыстардың мазмұнының байқау бағыттарына сәйкестігі, өзектілігі, білім берудің заманауи талаптарына сай болуы, практикалық бағыттылығы және материалдың әдістемелік құндылығына баса назар аудара отырыла, қазылар алқасының шешімі негізінде төмендегідей жүлдегерлер анықталды:  

Бас жүлде – Шехавцов Илья Максимович (Глубокое ауданы);

І орын – Бочарова Юлия Вячеслововна (Өскемен қаласы), Дүтбаева Талшын Ермекқызы (Зайсан ауданы);

ІІ орын – Ержанова Аяулым Ержанқызы (Өскемен қаласы);

ІІI орын – Қожрайымов Әділет Қатиятұлы (Үлкен Нарын ауданы), Ибраимова Асель Бауржановна (Катонқарағай ауданы), Мүтәләпова Жұлдыз Ерланқызы (Күршім ауданы).

 Жеңімпаз Шехавцов Илья Максимовичтің (Глубокое ауданы) жұмысы байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.

Жеңімпаздарды құттықтай отыра, шығармашылық табыстар тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1228698?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version