Облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаеваның қатысуымен өткен облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында бірнеше басқарма басшысы өткен жылы атқарған жұмыстары жайлы есеп берді.
Жиында алдымен облыстық қаржы басқармасының басшысы Ерік Тұрғынғалиевтың 2025 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есебі тыңдалды.
Оның айтуынша, былтыр басқармаға 16 бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыруға барлығы 25 273 935,7 мың теңге бөлінген. Сол қаржының 99,4% игерілген.
Бұдан кейін депутаттар облыстық балалар құқықтарын қорғау, тілдерді дамыту, дін істері, жастар саясаты мәселелері басқармалары және
төтенше жағдайлар департаменті басшыларының есебін тыңдап, оларға қаржының нысаналы және тиімді жұмсалуы бойынша сұрақтарын қойып, ұсыныс-тілектерін жеткізді.
Сондай-ақ отырыста облыстық мәслихаттың 2024 жылғы 12 желтоқсандағы №189 «Ақтөбе облысы бойынша 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс қимыл өңірлік жоспарын» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aktobe-district/press/news/details/1228833?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау