ӨНЕР ӨРІСІНДЕГІ ӨМІР ЖОЛЫ
21 мамыр-Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай мәдениет үйінің басшысы, «Мардан ұландары» жайдарман командасының жетекшісі Жарылқасын Жомарт Талапұлымен және команда мүшелерінің қатысуымен «Өнер өрісіндегі өмір жолы» атты тағылымды сұхбат өткізілді.
Кездесу барысында Жарылқасын Жомарт Талапұлы мәдениет саласындағы еңбек жолы, шығармашылық жетістіктері, жайдарман өнерінің қыр-сыры және жастарды өнерге баулудағы тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, команда мүшелері жайдармандағы қызықты оқиғалар мен жетістіктері туралы әңгімелеп, сұхбатта қойылған сұрақтарға жауап берді.
Шараның мақсаты – мәдениет пен өнер саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбегін насихаттау, жастардың шығармашылыққа деген қызығушылығын арттыру және өнер адамдарының өнегелі өмір жолын үлгі ету.
Осындай тағылымды кездесулер жастарға шабыт беріп, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыра түсетіні сөзсіз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash-enbek/press/news/details/1228971?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау