Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша танымдық іс-шаралар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті және Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті арасындағы үшжақты меморандум аясында 1 және 3 курс студенттеріне арналған білім беру акциясы өтті. Тәжірибелік сабақ Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасында басталып, өндіріс үдерісінде аммиак секілді күшті әсер ететін улы заттарды қолданатын «Caspian Beverage Holding» компаниясының аумағында жалғасты. Кездесу барысында студенттерге аммиакты пайдаланудың өндірістік ерекшеліктері, оның адам денсаулығы мен қоршаған ортаға тигізер әсері, сондай-ақ қауіпті нысандардағы қауіпсіздік талаптары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, қатысушылар төтенше жағдайлардың алдын алу, апат кезіндегі әрекет ету алгоритмдері, жеке қорғаныс құралдарын қолдану ережелері және еңбек қауіпсіздігі мәдениетін сақтау жайлы ақпарат алды. Кәсіпорын мамандары заманауи қауіпсіздік жүйелерін көрсетіп, жастардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруына жағдай жасады. Бұл бастама болашақ мамандардың кәсіби дағдысын шыңдап, қауіпсіздік талаптарына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1228812?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version