Арыс қаласы әкімдігінде мектеп оқушыларына арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Шара барысында қала әкімдігінің жұмыс барысымен оқушылар тікелей танысып, мемлекеттік қызметтің қыр-сырын жақыннан көрді.
Экскурсияны қала әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Талғат Анашбеков жүргізді. Ол оқушыларға әкімдіктің дербес бөлімдері мен олардың функционалдық қызметтері, мемлекеттік қызметшілердің міндеттері мен қызметтік этикасы жайында толық түсіндірді. Сонымен қатар, қала мәслихатының жұмысы мен оның құрылымы туралы таныстырылым көрсетілді.
«Ашық әкімдікте – ашық кітапхана» жобасы бойынша әкімдіктің үшінші қабатында орналасқан кітапханаға да экскурсия ұйымдастырылды. Оқушылар кітапхананың мүмкіндіктерімен танысып, мемлекеттік қызметке деген қызығушылықтарын арттырды.
Экскурсия барысында оқушылар қала әкімі Қайсар Маңқараевтың кабинетінде болып, шаһар басшысымен еркін пікір алмасты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-arys/press/news/details/1229039?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау