Павлодар облысында көші-қон полициясы профилактикалық жұмысты күшейтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар облысының көші-қон қызметі көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастыруда. Тұрақты түрде шетел азаматтарының Қазақстан аумағында болу тәртібі мен көші-қон саласындағы заң бұзушылықтарды анықтауға бағытталған арнайы тексерулер мен рейдтік іс-шаралар өткізілуде.
Жыл басынан бері, 1866 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тарттылды, олардың ішінде 571-і шетел азаматы болса, 1295-і Қазақстан Республикасының азаматтары, — деп хабарлады Павлодар облысы ПД көші-қон қызметінің бастығы Қанат Сартов.
Сондай-ақ, 421 шетелдік азаматтың елде болу ережелерін бұзғаны анықталған. Ал шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін 36 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деп мәлімдеді Павлодар облысы Полиция департаменті.
Спикердің айтуы бойынша, Қазақстан Республикасында жеке басын куәландыратын құжатсыз тұрып жатқан 939 азамат анықталған.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 256 іс сотқа жолданды. Оның ішінде 44 шетел азаматын елден шығару туралы шешім қабылданып, олардың барлығы толықтай елден шығарылған.
Сонымен қатар, алимент төлемеген 65 азамат пен түрлі қарызы бар 10 борышкер анықталды.
Осы кезеңде 260 шетелдік азамат Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаса, 200 адам Қазақстан азаматтығынан айырылу бойынша тіркелген.
— Көші-қон қызметінің жұмысы тек заң бұзушылықтарды анықтаумен ғана шектелмейді. Оның негізгі мақсаты — өңірдегі құқықтық тәртіпті нығайту, заңдылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, — деп атап өтті Қанат Сартов.
Қазіргі уақытта көші-қон полициясы көші-қон саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауға және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді профилактикалық шараларды жалғастыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1228952?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version