Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің қызметін мемлекеттік қолдау және ынталандыру мақсатында Қарағанды облысы әкімінің бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне берілетін «Алтын сұңқар» жыл сайынғы сыйлығын тағайындау жөніндегі байқау өткізіледі.
Сыйлық келесі номинациялар бойынша тағайындалады:
1) «Мамандыққа адалдығы үшін» – журналистика саласындағы кәсіби қызмет өтілі 20 жылдан асқан, мемлекеттік наградалары, құрмет грамоталары, алғыс хаттары, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ерекше еңбегі мен жетістіктері үшін дипломдары, сондай-ақ, республикалық және облыстық қоғамдық ұйымдардың, кәсіби одақтардың, мекемелер мен ведомстволардың ұсыным-мінездемелері бар БАҚ өкіліне беріледі;
2) «Құқықтық қоғам қалыптастыруға қосқан үлесі үшін» – «Заң мен тәртіп» қағидаттарын, «Таза Қазақстан» бағдарламасын ілгерілету және насихаттау, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбын жариялау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстары үшін БАҚ өкіліне беріледі;
3) «Үздік объектив шебері» – фото және бейнематериалдардың көркемдік құндылығы, авторлық қолтаңбасының және жеке стилінің болуы, шығармашылық тәсілі мен жоғары кәсіби шеберлігі үшін БАҚ өкіліне беріледі;
4) «Ауыл тақырыбын үздік жариялау» – Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы, агроөнеркәсіптік кешені және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерін жүйелі әрі сапалы жариялағаны үшін БАҚ өкіліне беріледі;
5) «Әлеуметтік тақырыптарды үздік жариялау» –денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мәселелерін жүйелі әрі сапалы жариялағаны, сондай-ақ, материалды ұсынудағы ерекшелігі мен жоғары кәсіби деңгейі үшін БАҚ өкіліне беріледі;
6) «Экономикалық және инвестициялық жобаларды үздік жариялау» – кәсіпкерлікті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту, индустриялық-инновациялық саясат және туризм мәселелерін жүйелі әрі сапалы жариялағаны үшін БАҚ өкіліне беріледі;
7) «Жыл жаңалығы» – журналистика саласындағы кәсіби қызметін енді бастаған, әріптестері, шығармашылық одақтар мен қоғамдық бірлестіктер тарапынан (ұсыным-мінездемелер түрінде) танылған, құзыреттілігі мен кәсібилігі үшін БАҚ өкіліне беріледі;
8) «Өңірлік күн тәртібін жариялац» – мемлекеттік бастамалардың іске асырылуы мен өңір жетістіктерін жүйелі әрі сапалы жариялағаны үшін БАҚ өкіліне беріледі;
9) «Үздік медиаконтент» – жоғары кәсіби шеберлікке ие БАҚ техникалық және шығармашылық қызметкерлеріне (дыбыс режиссерлері, режиссерлер, корректорлар, беттеушілер, дизайнерлер, бейнеинженерлер) беріледі;
10) «Бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін» – БАҚ өкіліне қоғамдық келісім, этносаралық және конфессияаралық қатынастар мәселелерін, Қазақстан халқының бірлігін нығайтуды жүйелі әрі сапалы жариялағаны, сондай-ақ толеранттылық, тұрақтылық және қоғамдық тәртіп құндылықтарын ілгерілеткені үшін беріледі.
Байқауға Қарағанды облысының аумағында қызметін жүзеге асыратын, байқау жылы ішінде жарияланған және мемлекеттік саясатты, Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын кәсіби, объективті және жүйелі түрде жариялауға, мемлекеттік бастамалар мен бағдарламаларды түсіндіруге, сондай-ақ құқықтық мәдениет пен қоғамдық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған материалдарды ұсынған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жіберіледі.
Басым тақырыптық бағыттар:
– облыстық деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік бастамалар мен реформаларды түсіндіру;
– «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету, құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру;
– «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыруды қоса алғанда, экологиялық күн тәртібі;
– облыстың әлеуметтік дамуы, оның ішінде халықты әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту, азаматтардың осал санаттарын қолдау, білім беру, мәдениет және спорт салаларын дамыту, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, медициналық инфрақұрылымды жаңғырту, жаңа технологияларды енгізу және медициналық қызметтердің сапасын арттыру мәселелері;
– ауыл шаруашылығы мен ауылдық аумақтарды дамыту, агроөнеркәсіптік кешенді қолдау, аграршыларды қолдаудың мемлекеттік шараларын іске асыру, ауылдық инфрақұрылымды дамыту;
– өңірдің индустриялық және инвестициялық дамуы, жаңа өндірістерді іске қосу, ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, өнеркәсіпті жаңғырту;
– кәсіпкерлікті қолдау және шағын әрі орта бизнесті дамыту, мемлекеттік қолдау құралдары, қаржыландыру бағдарламалары, іскерлік ортаны дамыту;
– ғылымды, инновациялар мен цифрландыруды дамыту, мемлекеттік басқаруда, өнеркәсіпте, білім беру мен денсаулық сақтау салаларында цифрлық технологияларды енгізу, IT-секторды және өңірдің ғылыми әлеуетін дамыту;
– облыстың инфрақұрылымдық дамуы, оның ішінде инженерлік желілерді, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды салу мен жаңғырту;
– туристік саланы дамыту.
Лауреаттарды іріктеу Қарағанды облысының редакторлары мен журналистерінің дауыс беру қорытындыларын ескере отырып, Комиссияның келіп түскен материалдарды қарауы арқылы жүргізіледі: http://altynsunkar.akimat09.kz/#nominations
Комиссия келесі критерийлерді ескере отырып, кәсіби бағалау негізінде әр номинация бойынша бір жеңімпазды айқындайды:
– тақырыптың ашылу тереңдігі және материалдың халықты ақпараттандырудағы маңыздылығы;
– ұсынылған ақпараттың объективтілігі мен шынайылығы;
– материалды ұсынудағы аналитикалық және шығармашылық тәсіл;
– халықтың мемлекеттік саясат және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы хабардарлық деңгейіне ықпалы;
– заманауи форматтар мен мультимедиялық құралдарды қолдану.
Сыйлыққа үміткерлерді ұсыну Қарағанды облысының бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, мемлекеттік органдар (басқармалар), Қарағанды облысы қалалары мен аудандарының әкімдері, кәсіби журналистік қоғамдастық өкілдері арқылы жүзеге асырылады.
Қарағанды облысының аумағында ресми тіркелген және кәсіби қызметін дербес жүзеге асыратын журналистер мен медиажобалар авторларының өзін-өзі ұсынуына жол беріледі.
Байқауға өтінімдер 2026 жылғы 26 мамыр мен 10 маусым аралығында келесі сайт арқылы қабылданады: http://altynsunkar.akimat09.kz/#nominations
Өтінімге мыналарды қоса тіркеу қажет: фотосурет; Word құжатындағы өмірбаян; жарияланған журналистік жұмыстарға, материалдарға сілтемелер. Бір автор екі номинациядан артық ұсыныла алмайды.
Қарағанды облысы әкімінің БАҚ қызметкерлеріне берілетін сыйлығы лауреаттарын іріктеу туралы Ережеге сәйкес, сыйлықты алғаннан кейін жеті жыл ішінде оны қайтадан тағайындауға жол берілмейді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-ishki-sayasat/press/news/details/1228642?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау