Қарағанды қаласы 2028 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) Жастар астанасы болып жарияланды. Бұл шешім ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысында қабылданды.
Аталған мәртебе Қазақстанның халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы беделінің артып келе жатқанын және жастар саясатын дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесін көрсетеді.
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев бұл жаңалықтың өңір үшін тарихи маңызға ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде облыста 303 мыңнан астам жас өмір сүреді. Олар ғылым, білім, кәсіпкерлік, волонтерлік және қоғамдық бастамалар саласында белсенділік танытып келеді.
«ТМД Жастар астанасы» мәртебесі Қарағанды үшін халықаралық жастар ынтымақтастығын нығайтуға, тәжірибе алмасуға және ауқымды жобаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндік береді.
Айта кетейік, «ТМД Жастар астанасы» жобасы достастық елдері арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты дамытуға бағытталған. Жоба аясында халықаралық форумдар, жастар кездесулері, білім беру және мәдени іс-шаралар өткізіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-zhastar/press/news/details/1228989?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау