Түркістан облысының полицейлері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және отбасы құндылықтарын нығайту мақсатында 200 оқушының қатысуымен «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» форумын өткізді.
Аталған шарада Сарыағаш аудандық полиция басқармасының учаскелік және ювеналды полиция инспекторлары оқушылармен бірге мектеп мұғалімдеріне құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесуде отбасыдағы сыйластық пен татулықты сақтау, балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау, құқықбұзушылықтың алдын алу және зорлық-зомбылыққа жол бермеу мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар жастарға заң мен тәртіпті сақтау, үлкендерді құрметтеу және қауіпсіз орта қалыптастырудың маңыздылығы айтылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1228871?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау