Министрлікте Қазақстанның Даму Банкі (ҚДБ) өкілдерімен Жасыл климат қорының (ЖКҚ) қаражаты есебінен қаржыландыру тарту үшін жобалар портфелін қалыптастыру мәселесі бойынша кездесу өтті.
2025 жылы ҚДБ ЖКҚ-ның алғашқы ұлттық тікелей қол жеткізу агенттігі ретінде аккредиттеуден өтті. Бұл ұзақ мерзімді және жеңілдетілген климаттық қаржыландыруды тікелей тартуға мүмкіндік береді.
Кездесу барысында ҚДБ өкілдері ЖКҚ тетіктері аясында одан әрі ілгерілету үшін пысықталып жатқан әлеуетті жобаларды таныстырды. Сондай-ақ су ресурстарын тұрақты басқару, энергетика және басқа да бағыттар бойынша мемлекеттік органдардан келіп түскен жобалық ұсыныстар қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар жасыл қаржыландыру бағдарламаларын қалыптастыру мақсатында ведомствоаралық үйлестіру мен бірлескен жұмысты одан әрі күшейтудің маңыздылығын атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1228122?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау