Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қызметкерлері Шахтинск қаласында ондаған адамның өмірін құтқарып қалған бес полиция қызметкерін марапаттады.
23 наурыз күні Шахтинск қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде тұрғындар газ иісін сезіп, шұғыл қызметтерге хабарласқан. Оқиға орнына алғашқылардың бірі болып жеткен полиция қызметкерлерінің қатарында жерлесіміз Нұргелді Құлжабеков те болды.
Ел тыныштығы мен халық қауіпсіздігі жолында батылдық танытып, өз өмірін қатерге тігіп ерлік көрсеткен азаматтарға алғысымыз шексіз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-uspen/press/news/details/1228774?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау