Дананг қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы күрес түрлерінен Азия чемпионатында Қостанай облысының грек-рим күресінің спортшылары ұлттық құраманың қоржынына екі медаль салды.
77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Алихан Дурсунов күміс жүлдегер атанса, 82 келіге дейінгі салмақта Кирилл Минко қола медаль жеңіп алды.
Спортшыларымызды жоғары нәтижелерімен құттықтап, халықаралық аренада толағай табыстар тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-sport/press/news/details/1228981?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау