2026 жылғы 25 мамырда Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас мамандары Е. Рақымжан, И. Қуанышбай Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандарына арналған семинар өткізді.
Семинардың мақсаты – «Әкімшілік рәсімдерді және әкімшілік актілерді жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» № 57 НҚ бұйрығының қосымшаларды түсіндіру болды. Екінші мәселе ретінде сот актілеріне апелляциялық және кассациялық тәртіпте шағым жасау ерекшеліктері қарастырылды. Сондай-ақ сот тәжірибесі негізінде шағымдарды дайындаудың тиісті үлгісі ұсынылды.
Семинар соңында Департамент мамандары аумақтық басқармалар мамандары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty-obl/press/news/details/1228058?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау