🔹Іссапар аясында Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметіне қатысты жұмыс кеңесі өткізілді. Кеңес барысында өңірдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің қызметі, жедел ахуал, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қауіпсіздік талаптарын сақтау және қызмет тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.
🔹Сонымен қатар, өңірдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін аралап, нысандардың материалдық-техникалық жағдайымен, сотталғандарды ұстау талаптарымен және мекемелердің күнделікті қызметімен танысты.
🔹Іссапар қорытындысы бойынша алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалып, қылмыстық-атқару жүйесі қызметінің тиімділігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisatyrau/press/news/details/1228323?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау