Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов ЕҚДБ вице-президентімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Тұрақты даму үшін су» халықаралық іс-қимыл онжылдығына (2018-2028 жж.) арналған Төртінші жоғары деңгейдегі халықаралық конференция аясында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) вице-президенті Марк Боуманмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту саласындағы қазіргі ынтымақтастықты, сондай-ақ су саласындағы жобаларды бірлесіп жүзеге асырудың алдағы мүмкіндіктерін талқылады.

Министр ЕҚДБ-мен әріптестіктің маңызын атап өтіп, Қазақстанның су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған жобаларды іске асыруға көрсетіліп отырған қолдау үшін алғыс білдірді.

Тараптар су ресурстарын тұрақты басқару саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға өзара мүдделі екенін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/1228410?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version