Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Құрметті ұстаздар, жас түлектер және ардақты ата-аналар!
Сіздерді соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Әр мектепте соңғы қоңырау мерекесі — бұл мектеп тарихына енетін көңілді, әрі қуанышты сәт.
Бүгін, 25.05.2026 жылы Қаратау қаласындағы Шохан Уәлиханов орта мектебінде өткен соңғы қоңырауға қатыстым.
Шохан Уәлиханов орта мектебінде биыл 25 түлек мектеп бітіреді. Оның ішінде 1 алтын белгі, 1 үздік аттестат иегері. Жас түлектерді алда үлкен сын күтіп тұр. Барлықтарыңызға Ұлттық Бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларыңызға тілектеспін.
Биылғы оқу жылын сәтті аяқтап, келесі сыныпқа аяқ басқан барлық мектеп оқушыларына жазғы демалыстарын жақсы өткізіп, күш жинап, жайдары көңіл күймен жаңа оқу жылына оралуларыңызға тілектеспін.
Құрметпен, Талас аудандық мәслихатының төрағасы Садубаев Қәдірбек Рысқұлбекұлы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-talas/press/news/details/1228667?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version