Бүгін, 21.05.2026 жылы сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен кезектен тыс LVІІ сессиясы Талас аудандық аудандық мәслихатының төрағасы К.Садубаевтың төрағалығымен өтті.
1. Талас аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №50-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2. Талас ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы;
3. Талас ауданы бойынша Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы;
4. «Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Талас ауданы әкімдігінің Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындау туралы.
5. Талас аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы «Талас ауданы бойынша біржолғы әлеуметтік көмек көрсету, мұқтаж азаматтардың өтініштерін қарау жөніндегі арнайы комиссия құру туралы» №50-10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
6. 1941 жылғы 22 маусым-1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы кезеңде кемінде алты ай жұмыс істеген тыл еңбеккерлерінің еңбек өтілін белгілеу үшін Талас ауданы әкімдігінің жанындағы арнайы комиссиясы туралы;
7. Семей ядролық сынақ полигонынан ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға куәлік беру және біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу үшін арнайы комиссия құрамын бекіту туралы;
8. Әлеуметтік мәселелер жөнінде аудандық консультативтік-кеңесші ведомствоаралық комиссия құру туралы;
9. Талас ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толғандарға қорғаншылық және қамқоршылық белгілеу комиссиясы туралы;
10. 2026 – 2030 жылдарға арналған Талас ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны бекіту туралы;
11. Аудандық әкімдіктің құрамы туралы;
12. Талас ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамы туралы;
13. Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамы туралы;
14. Талас аудандық мәслихатының 2026 жылғы 19 ақпандағы «Талас ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияны құру туралы» №53-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
15. Талас ауданы бойынша 2025 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы туралы;
16. Талас аудандық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-talas/press/news/details/1228639?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау