2026 жылғы 20 мамыр күні облыстық «Түлектер аллеясы» акциясы аясында мектеп түлектері аумақты көгалдандыру және жас ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстарына белсене қатысты. Іс-шара туған мектепке деген алғыс, еңбекке құрмет және қоршаған ортаға қамқорлықтың жарқын көрінісіне айналды.
Акция барысында қатысушылар бірлесіп ағаш көшеттерін отырғызды. Бұл көшеттер 2026 жылғы түлектердің жарқын естелігі әрі аумақты абаттандыруға қосқан үлесі болмақ.
«Түлектер аллеясы» акциясы жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеуге бағытталған.
Осындай іс-шаралар оқушыларды, педагогтер мен ата-аналарды біріктіріп, ынтымақтастық пен ұрпақтар сабақтастығының нығаюына ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shalakynroo/press/news/details/1228120?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау