ТЖМ басшысы Орталық Азия елдері құтқару бөлімшелерінің бірлескен оқу-жаттығуларына қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Душанбеде ҚР Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Орталық Азия елдерінің төтенше ведомстволары құтқару бөлімшелерінің бірлескен оқу-жаттығуларына қатысты. Практикалық іс-шаралар Тәжікстан Республикасының Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің арнайы жедел әрекет ету жасағының оқу-жаттығу полигоны аумағындағы Каратаг шатқалында өтті.

  Белсенді кезең басталар алдында қатысушы елдер бөлімшелерінің техникасы мен жарақтарының көрмесі ұйымдастырылды. Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан төтенше ведомстволарының басшылары қазақстандық құтқарушылардың техникалық жарақтандырылуымен, авариялық-құтқару жабдықтарымен және нысанды киімімен танысты.

  Оқу-жаттығу сценарийіне сәйкес өңірде адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандарға, соның ішінде бөгеттерге, теміржол және автомобиль жолдарына зақым келтірген шартты жойқын жер сілкінісі орын алды. Бұл жағдай ауқымды авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді талап етті. Қазақстан тарапынан Республикалық жедел-құтқару жасағы «Барыс», Алматы қаласының құтқару қызметі, ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері және Шымкент қаласы ТЖД қызметкерлері қатысты. Өңірлік  елдердің құтқару бөлімшелерімен бірлесіп, зардап шеккендерді іздеу және эвакуациялау, алғашқы медициналық көмек көрсету және төтенше жағдай салдарын жою бойынша іс-қимылдар пысықталды.

  Оқу-жаттығу трансшекаралық төтенше жағдайларға бірлесіп әрекет етуге дайындық деңгейін тексеруге мүмкіндік беріп, Орталық Азия құтқару қызметтері арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін растады.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1228930?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version