23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай «Әкіммен оқу сағаты: «Бірге оқимыз» жобасы аясында қаламыздағы С. Қожанов атындағы мектепте оқушылармен тағылымды кездесу өтті.
Шара барысында Арыс қаласы әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Талғат Анашбеков оқушылармен еркін форматта сыр-сұхбат жүргізіп, кітап оқудың адам өміріндегі орны мен маңызына кеңінен тоқталды. Ол өз сөзінде кітаптың адамды ой-өрісі кең, сауатты әрі жауапты тұлға ретінде
алыптастырудағы рөлін атап өтіп, өзінің сүйіп оқитын еңбектерімен де бөлісті.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметтің қоғам үшін атқаратын маңызды миссиясын түсіндіріп, бұл салада адалдық, жауапкершілік және білімнің басты талап екенін жеткізді.
Кездесу барысында оқушылар мемлекеттік қызметтің ерекшелігі, маман болу жолдары және қоғамға қызмет етудің қыр-сыры туралы өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жан-жақты әрі мазмұнды жауаптар алды.
Шара жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, азаматтық жауапкершілікке баулуға бағытталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-arys/press/news/details/1229036?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау