«Ұстазға тағзым, түлекке тілек»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған лицей-интернатында «Соңғы қоңырау» салтанатты іс-шарасы өтті.

Мерекелік жиын барысында мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілініп, ұстаздар мен ата-аналарға алғыс білдірілді. Іс-шараға ауыл тұрғындары, ата-аналар, ұстаздар қауымы және қонақтар қатысып, түлектерге жүрекжарды лебіздерін арнады.

Салтанатты кеште лицей-интернат басшылығы құттықтау сөз сөйлеп, оқуда және қоғамдық өмірде үздік жетістіктерімен ерекшеленген оқушылар марапатталды. Сонымен қатар, мектеп бітіруші түлектер ұстаздарына ризашылықтарын білдіріп, әсерлі әндер мен шығармашылық қойылымдарын ұсынды.

«Соңғы қоңырау» – әр түлек үшін ерекше белес. Білім ордасынан қанат қаққан жас түлектерге жарқын болашақ, сәттілік пен биік белестер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhylandy/press/news/details/1228011?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version