Уәкілдің өкілі Абай облысы бойынша ҚАЖД №23 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында сауалнама жүргізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың тапсырмасы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі Д. Жұмагелдин облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №23 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында сауалнама ұйымдастырып, өткізді. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты пенитенциарлық мекемедегі істің нақты жағдайы туралы объективті, тәуелсіз және анонимді ақпарат алу, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарындағы азаматтардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталу деңгейін бағалау болды.

Сауалнама жүргізу процедурасы барысында құпиялылықты қамтамасыз етуге және респонденттерге кез келген сыртқы қысымды болдырмайтын жағдайлар жасауға ерекше назар аударылды. Сотталғандар көптеген мәселелер бойынша өз пікірлерін тікелей және делдалсыз білдіруге мүмкіндік алды.

Сауалнама нәтижесінде алынған толтырылған бланкілер мен сұрақнама парақтары кейіннен талдау және жүйелеу үшін Омбудсмен өкілінің жұмысына қабылданды. Жиналған барлық мәліметтер Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталыққа жіберілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-abay-oblysy/press/news/details/1228178?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version