Жастардың электоралдық белсенділігін арттыруға бағытталған маңызды бастама

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті базасында Жас сайлаушылар аудиториясының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында сайлау мәдениетін қалыптастыру, олардың сайлау үдерісіне деген қызығушылығын арттыру және қоғамда саналы түрде өз таңдауын жасауға бейімдеу.

Жас сайлаушылар аудиториясы Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының бастамасымен Атырау университетінің қолдауымен ашылды. Бұл бастама алдағы уақытта өңірдегі өзге де оқу орындарында, соның ішінде колледждерде жалғасын таппақ. Аталған жоба жастардың құқықтық сауатын арттырып, олардың қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуына мүмкіндік беруді көздейді.

Іс-шараға Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ә.Қыстаубаева, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің проректоры Б.Алтынбасов, сондай-ақ Жас сайлаушылар клубтарының мүшелері мен жоғары оқу орнының студенттері қатысты.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген спикерлер жастардың қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуының маңыздылығына тоқталып, еліміздің демократиялық дамуында жас буынның рөлі ерекше екенін атап өтті. Сонымен қатар, студенттерге сайлау жүйесінің ерекшеліктері, азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениет туралы кеңінен ақпарат берілді.

Жас сайлаушылар аудиториясының ашылуы – жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және сайлау мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Мұндай бастамалар жас ұрпақтың ел болашағына бейжай қарамайтын, белсенді азамат болып қалыптасуына оң әсер етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1228420?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version