«Жасыл ел» жасағының еңбек маусымы ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Биылдан бастап алғаш рет жастар маусымдық емес, қысы-жазы еңбекке араласады. Елді мекендерді көгалдандыру мен абаттандыру, сондай-ақ құрылыс жұмыстарына 16 мен 35 жас аралығындағы жастар тартылады.

Ақтөбеде студенттік құрылыс жасақтары мен «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XXII еңбек маусымының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

«Салқын самал» демалыс базасында 250-ден астам еңбек жасағының сарбаздары қосты. Оларға «Жасыл ел» қозғалысының ардагерлері, белсенді жастар мен еріктілер қосылды.

Іс-шараға облыс әкімі Асхат Шахаров қатысып, жастарды жаңа еңбек маусымының басталуымен құттықтады.

«Жасыл ел» қозғалысы жылдар бойы жастар үшін еңбек пен патриотизмнің маңызды мектебіне айналды. Сіздер өңірдің абаттандырылуы мен экологиясына үлес қосып қана қоймай, туған жерге деген жауапкершілікті қалыптастырып келесіздер. Биылғы маусым да жемісті әрі нәтижелі болады деп сенемін»,

– деді облыс әкімі.

Салтанатты шара барысында аймақ басшысына «Жасыл ел» қозғалысының символикалық футболкасы табысталды.

Сондай-ақ жастар және волонтерлік ұйымдардың өкілдері, қозғалыс ардагерлері сөз сөйлеп, өз тәжірибелерімен бөлісті және «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

Демалыс базасының аумағында волейбол жарыстары, мольбертте сурет салу бойынша шеберлік сағаттары және ұлттық ойындар ұйымдастырылды.

Бағдарламаның ерекше сәттерінің бірі – қатысушылардың «Армандастар» әнін бірге орындауы және естелік суретке түсуі болды. Еңбек маусымының ашылуы барлық қатысушылар қатысқан экоплоггинг акциясымен (сенбілікпен) қорытындыланды.  Жалпы биыл жасақ қатарына 3200 адам қабылданады. Олардың 2000-ы орман шаруашылықтарында жасыл желек белдеуін өсірумен айналысады.

Қалған жастар ауылдар мен қалалардың санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге атсалысып, құрылыс алаңдарында еңбек етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-bozoy/press/news/details/1228553?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version