Астанада балалар жарысы өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай дәстүрлі Kids Run балалар жарысы өтеді. Жарыстың басталуы 1 маусым күні сағат 09:00-де Астана қаласының Орталық саябағындағы шаңғы-роллер трассасында өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жарысқа 6-15 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар қатыса алады. Қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай 300, 500 және 1000 метр қашықтықтарда сынға түседі.
Қатысушылар саны шектеулі – жарысқа тек 500 бала қатыса алады.

«Біздің басты мақсаттарымыздың бірі – балалардың денсаулығын нығайту, оларды спортқа баулу және салауатты өмір салтын насихаттау. Kids Run жарысы жыл сайын балалар мен олардың ата-аналары арасында үлкен қызығушылық тудырады. Қатысушылар саны 500 адаммен шектелген.

Осыған байланысты ата-аналар мен қатысушыларды алдын ала онлайн тіркелуге шақырамыз. Жарысқа қатысу тегін», – деді қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мадина Айтқалиева.

Kids Run жарысына онлайн тіркелу 29-31 мамыр аралығында өтеді. Тіркелу сайты: reg.elordasport.kz⁠.
Барлық қатысушыға мәреге жеткені үшін медаль табысталады.

Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылатын Kids Run жарысы Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтіп, оны Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1229097?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version