Ақмола облысы, Көкшетау қаласында өткен «Өнер — халық қазынасы» атты дәстүрлі облыстық халық шығармашылығы байқауында Целиноград ауданының шығармашылық ұжымы жоғары шеберлік пен өнерге деген ерекше сүйіспеншілігін танытып, үздік нәтиже көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша аудан өнерпаздары Бас жүлдені иеленіп, «Chevrolet Cobalt» жеңіл автокөлігінің сертификатымен марапатталды.
Салтанатты марапаттау рәсімінде Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов автокөлік сертификатын Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлына және аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Айгүл Үкіметқызына табыстады.
Бұл — Целиноград ауданы мәдениет саласының қарқынды дамуының, өнер ұжымдарының табанды еңбегі мен шығармашылық ізденісінің айқын жемісі.
Аудан өнерпаздарының бұл жеңісі — өңір мәдениетінің мәртебесін арттырып, ұлттық өнерді насихаттаудағы үлкен жетістік.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1229110?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау