“9 мамыр – Жеңіс күніне” орай Мұзбел ауылының орталық саябағындағы «Ұрпаққа үлгі болған ерлік – мәңгі жадымызда» атты мемориалды тақта алдына гүл шоқтарын қою рәсімі өткізіліп, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің рухына тағзым жасалды.
Ел үшін жанын қиған боздақтардың ерлігі мен жанқиярлық батылдығы – ұрпақ жадында мәңгі сақталатын асыл мұра. Іс-шара барысында ардагерлердің ерлігі еске алынып, бір минуттық үнсіздік жарияланды.
Бұл күн – ерлікті ұлықтап, бейбіт өмірдің бағасын сезіндіретін ерекше тарихи дата. Жеңіс жолында қан кешіп, ел болашағы үшін күрескен батырларға құрмет көрсету – баршамыздың қастерлі борышымыз.
Ер есімі – ел жадында мәңгі сақталады!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk-muzbel/press/news/details/1229078?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау