Темекі шегу бүкіл әлемде созылмалы инфекциялық емес аурулардың дамуына себеп болатын негізгі факторлардың бірі болып қала береді. Темекі түтінінің құрамында өкпеге, жүрекке, қан тамырларына және адамның басқа да ағзаларына зиян келтіретін мыңдаған химиялық заттар бар.
Темекі – жай әдет емес, ағзаға күн сайын зиян келтіретін тәуелділік. Темекіні пайдалану жүрек-қан тамырлары аурулары, инсульт, инфаркт, онкологиялық аурулар, өкпенің созылмалы аурулары мен қант диабетінің даму қаупін арттырады. Әсіресе, балалар, жасөспірімдер және жүкті әйелдер үшін пассивті темекі шегу аса қауіпті.
Бүгінде жастар арасында электронды темекілер мен вейптердің таралуы үлкен алаңдаушылық туғызуда. Көпшілік оларды қауіпсіз балама деп қате есептейді, алайда олардың құрамында да никотин мен тәуелділік тудыратын және ағзаға зиян келтіретін улы заттар бар.
Темекіден бас тарту – денсаулықты сақтауға және өмір сапасын жақсартуға жасалған маңызды қадам. Темекіні тастағаннан кейін бірнеше күн ішінде адамның өзін-өзі сезінуі жақсарып, тыныс алуы қалпына келеді және жүрек-қан тамырлары жүйесіне түсетін жүктеме азаяды.
Темекісіз өткен бір күннің өзі – салауатты болашаққа жасалған қадам.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1229308?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау