АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ КӨРМЕСІ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Рысқұлов ауылындағы атшабар алаңында асыл тұқымды малдардың көрмесі ұйымдастырылды. Шараға ауданның үздік шаруашылықтары қатысып, төрт түлік малдың сапасы мен әлеуетін көпшілікке таныстырды. Жылқы, қой, ешкі, сиыр мен бұқалар көрмеге қойылып, олардың ерекшеліктері паш етілді.

Көрменің ашылу салтанатында аудан әкімі Ербол Жиенқұлов сөз сөйлеп, жиналған қауымды құттықтады. Ол мал шаруашылығын дамытуда ғылыми негіздегі жаңа технологияларды енгізудің, асыл тұқымды мал өсіруге ерекше көңіл бөлудің маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Еркін Нахимов мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар мен селекциялық жұмыстарды дамытуға бағытталған бағдарламалар жайында баяндады. Шараға арнайы келген «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы, “АгроТехМенеджмент” ЖШС, “АгромашХолдинг KZ” АҚ, “ҚазАгроҚаржы” АҚ және “Қазақстандық Агро Инновациялық корпорациясы” өкілдері шаруаларға жеңілдетілген несие мен лизингтік бағдарламалар туралы кеңінен ақпарат берді.

Көрме барысында асыл тұқымды мал өсіруде үлгі көрсетіп жүрген шаруа қожалықтарының иелері аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Шара соңында аудан өнерпаздары әннен шашу шашып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke/press/news/details/1229294?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version