Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті базасында құрылған Қылмыстық қауіптерді болжау орталығы үлкен деректерді, ведомствоаралық ақпарат алмасуды және жасанды интеллект құралдарын пайдалану арқылы сыртқы және ішкі қауіптердің алдын алу жөніндегі ұсынымдар қамтылған 192 ақпараттық хатты мемлекеттік органдарға жолдады.
38 алаяқтық интернет-ресурс бұғатталды. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа алаяқтықтың жаңа тәсілдері мен сақтық шаралары жөнінде тұрақты түрде ақпарат берілуде – азаматтарға арналған 16 ескерту жарияланды.
Орталық енгізген шешімдердің қатарында медиакеңістік пен интернет-алаяқтықтарды мониторингтеу жүйелері, «e-Өтініш» жүйесіндегі азаматтардың өтініштерін талдау, сондай-ақ көшедегі және қайталама қылмыстылықты болжау модельдері бар.
Сонымен қатар Бас прокуратура Ішкі істер министрлігімен бірлесіп қылмыстық істерді тергеу процесіне жасанды интеллект енгізу жобасын іске асыруда.
Пилоттық жоба Астана қаласы мен Ақмола облысының бірқатар полиция бөлімшелерінде жүзеге асырылуда. Жоба аясында тергеуді жоспарлау, жауаптарды транскрипциялау және талдау, сондай-ақ процестік құжаттарды автоматты түрде қалыптастыру модульдері енгізілді.
Жалпы, «Цифрлық көмекші» модульдері арқылы 231 тергеу жоспары, 72 жауап алу хаттамасы, 65 айыптау актісі және қылмысты саралау туралы 15 қаулы қалыптастырылды.
Құқық қорғау саласындағы цифрлық құралдарды дамыту Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында жүзеге асырылуда. Президент Қ.К. Тоқаев атап өткендей: «Қазақстан цифрлық ел болуды кездеп отыр. Бұл – еліміздің алдында тұрған стратегиялық мақсат».
Бас прокуратура «Заң мен Тәртіп» қағидаттарын нығайту, қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру және тиімді «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру мақсатында цифрлық шешімдерді дамыту жұмысын жалғастырады.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuror/press/news/details/1229493?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау