Ағымдағы жылдың 26 мамырында «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» РММ басшысының м.а. Т. Искарин «Ақтөбе» телеарнасының эфиріне қатысты.
Эфир барысында еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіру, еңбек шарттарын міндетті түрде жасау, сондай-ақ жазғы демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандардың еңбек ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Атап айтқанда, еңбек шартын жасау – жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарын ресми түрде бекітетін негізгі құжат екені, кәмелетке толмағандарды жұмысқа қабылдау кезінде еңбек заңнамасының талаптары қатаң сақталуы тиіс екені, сондай-ақ балаларды ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстарға тартуға жол берілмейтіні айтылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-inspection/press/news/details/1229452?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау