Кадрлық тағайындау

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ветеринария басқармасының «Бөрлі аудандық ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына Нұржан Сақтағанұлы Хажыгереев тағайындалды.
 
Нұржан Сақтағанұлы 1981 жылғы 7 қарашада Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Ұзынкөл ауылында дүниеге келген.
 
2004 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша, ал 2012 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
 
Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2007 жылы Орал қаласы Зашаған кенттік округі әкімі аппаратының жетекші маман-ветеринары ретінде бастаған.
 
Әр жылдары БҚО мемлекеттік мұрағатының заңгері, БҚО ветеринария басқармасының бас маманы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Орал қалалық аумақтық инспекциясының жетекші маманы – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы, сондай-ақ Комитеттің биологиялық қауіпсіздік басқармасының бас сарапшысы лауазымдарында еңбек етті.
 
Жаңа тағайындауға дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы Шекара маңы бекеттерін бақылау бөлімінің бас маманы – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы болып жұмыс істеді.
 
Нұржан Сақтағанұлына жаңа лауазымында сәттілік пен кәсіби жетістіктер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-veterinaria/press/news/details/1229395?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version