Мемлекеттік қызметте әдеп қағидаттарын сақтау мәселесі талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Ермек Сәтбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Жиында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтауы, қоғамдық қауіпсіздік, қызметтік тәртіп мәдениетін қалыптастыру мәселелері қаралды.

Мәжілісте аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы Нұржан Тоқшылықов баяндама жасап, Әдеп кодексінің нормаларын сақтау жауапты қызметтің басты қағидаттарының бірі екенін атап өтті.

Сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздік пен мемлекеттік қызметшілердің қоғам алдындағы жауапкершілігі де назардан тыс қалмады. Қызметтен тыс уақытта да мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқы мемлекеттік қызметтің оң имиджіне әсер ететіні айтылды.

Мәжіліс қорытындысында Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру тапсырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1229196?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version