Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдарды техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бағытында жұмыс жүргізуде.
Техникалық оңалту құралдары мүгедектігі бар адамдарға Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы ұсынылады. Бұл шара ашықтықты, қолжетімділікті, тауарлар мен қызметтерді еркін таңдауды, ыңғайлылықты және оңалту құралдарын жеткізуді қамтамасыз етті.
Тауарлардың құны жергілікті атқарушы органдар тарапынан кепілдік берілген сома шегінде өтеледі.
Бұған дейін кепілдік берілген сома Портал деректері, мемлекеттік сатып алу мәліметтері және өнім берушілердің коммерциялық ұсыныстары негізінде айқындалатын.
Ағымдағы жылдың сәуір айында Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алынатын техникалық оңалту құралдарының құнын өтеуге арналған кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесі қайта қаралды.
Енді есептеу Әлеуметтік қызметтер порталы мен электрондық дүкеннің деректері негізінде жүргізілетін болады.
Кепілдік берілген соманы айқындаудың жаңа ақпарат көзі нарықтық бағаларды ескеруге және мүгедектігі бар адамдарға техникалық оңалту құралдарын ұсыну кезінде өтеу құнының негізсіз жоғарылауына жол бермеуге бағытталған.
Аталған шара нақты бағаларды ескеруге, оңалту құралдарын ұсынудың тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге, порталдағы жосықсыз өнім берушілер тарапынан «бағаларды манипуляциялау» тәуекелдерін төмендетуге және бюджет қаражатын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.
Маңыздысы: бұл әлеуметтік қолдауды азайту туралы емес. Керісінше, мемлекет негізсіз шығындарды болдырмауға ұмтылады, осылайша қаражат сапалы, заманауи және сұранысқа ие техникалық оңалту құралдарына бағытталатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-ulytau/press/news/details/1229199?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау