Омбудсмен Жезқазғандағы № 62 мекемеге барды
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында Жезқазған қаласындағы аралас қауіпсіздік режиміндегі, оның ішінде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына сотталған адамдар ұсталатын № 62 мекемеге барды.Мекемеге бару барысында Омбудсмен сотталғандардың құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізіп, олардың тұрмыс жағдайымен, тамақтануымен, медициналық қызмет көрсету және бос уақытты ұйымдастыру мәселелерімен танысты.
Артур Ластаев сондай-ақ өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына сотталған адамдарға арналған жабдықталған камераларды қарап шықты.
Сапар аясында Омбудсмен сотталғандарды жеке қабылдады.
Бару қорытындысы бойынша Артур Ластаев мекеме әкімшілігіне сотталғандарды ұстау жағдайларын халықаралық жазаны өтеу қағидаларына сәйкестендіруге бағытталған ұсынымдар берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-ulytau-oblysy/press/news/details/1229380?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау