Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Алмаз Мелдеев аудандық аппараттық кеңесте жазғы кезеңдегі қауіпсіздік шаралары бойынша баяндама жасады. Кездесу барысында судағы қауіпсіздік, балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу және өрт қауіпсіздігі мәселелері көтерілді. Тұрғындарға тек рұқсат етілген орындарда шомылу, балаларды қараусыз қалдырмау, терезелерге қорғаныс құрылғыларын орнату және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар, «Өрт–2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында өткізілетін іс-шаралар таныстырылды. Кеңес қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
Жамбыл облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1229180?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау