Шығыс Қазақстанда құтқарушылар «Өрт-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына қатысуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан өңірлерінде табиғи өрттерге дайындықты тексеруге бағытталған «Өрт-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтуде. Орман алқаптары 3 млн гектарды құрайтын Шығыс Қазақстан облысында бұл оқу-жаттығулардың маңызы ерекше.Оқу-жаттығу екі кезеңде өтеді. 28 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Жағдай орталығында оқу-жаттығу штабы курылады. Оперативтік топ басшылары мен қызмет бастықтарының баяндамалары тыңдалады.
«Штабтық жаттығу басқару органдары мен азаматтық қорғаудың облыстық кіші жүйесі күштерін дайындыққа келтіруге, басқаруды ұйымдастыруға, жағдай туралы мәліметтерді жинау, қорыту және талдауға, сондай-ақ табиғи өрттердің салдарын жою бойынша шешім қабылдау мен жедел өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтауға бағытталған», — деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазов.
Оқу-жаттығудың бірінші кезеңі аясында өңірде хабарлау жүйесіне тексеру жүргізілді.
29 мамыр күні орман өрттерін сөндіру кезінде азаматтық қорғау қызметтерінің іс-қимыл алгоритмі тәжірибе жүзінде пысықталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1229430?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version