СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ МЕН СУҒА ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қала әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, полиция және төтенше жағдайлар бөлімінің басшылары, ауыл әкімдері, бөлім және мекеме басшылары қатысты.

Мәжілісте соңғы қоңырау іс-шараларын қауіпсіз ұйымдастыру, оқушылардың жазғы демалысын тиімді өткізу, өрт қауіпті кезеңге дайындық және суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік мәселелері қаралды.

Кентау қалалық білім бөлімінің басшысы Әділ Әуелбеков соңғы қоңырау және мектеп бітіру іс-шараларында қауіпсіздік талаптарын сақтау, түнгі бақылаусыз серуендеуге және бей-берекет іс-шараларға жол бермеу мәселелері басты назарда болғанын айтты. Сонымен қатар, жаз мезгілінде мектеп жанындағы лагерьлер, сауықтыру орындары мен қосымша білім беру үйірмелерінің жұмысы ұйымдастырылатынын жеткізді.

Сондай-ақ, Кентау қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Досжан Майлыбеков өрттің алдын алу және суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары бойынша баяндама жасады.

Жиын қорытындысында қала әкімі жауапты сала басшыларына жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігін басты назарда ұстауды, суға шомылу және өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1229214?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version