Тамақтан уланудың алдын алу

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Жаз мезгілінде тағамнан улану мен жіті ішек инфекцияларының пайда болу қаупі артады. Ауаның жоғары температурасы тағам өнімдері мен суда ауру тудыратын микроорганизмдердің жылдам көбеюіне ықпал етеді.
Тағамнан уланудың алдын алу және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында төмендегі профилактикалық шараларды сақтау ұсынылады:
1. Тағам өнімдерін тек арнайы белгіленген сауда орындарынан сатып алыңыз.
2. Жарамдылық мерзімі өткен, қаптамасы бүлінген немесе таңбалануы жоқ тағам өнімдерін сатып алмаңыз.
3. Тез бұзылатын өнімдердің (сүт өнімдері, ет, балық, салаттар, крем қосылған кондитерлік өнімдер) сақталу жағдайына ерекше назар аударыңыз.
4. Жеке бас гигиенасы қағидаларын сақтаңыз:
– тамақ ішер алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолыңызды мұқият жуыңыз;
– сабын мен таза суды пайдаланыңыз;
– су болмаған жағдайда антисептикалық құралдарды қолданыңыз.
5. Тексерілмеген табиғи бұлақтар мен құдықтардың шикі суын ішпеңіз. Тек қауіпсіз ауыз суды — бөтелкедегі немесе қайнатылған суды пайдаланыңыз.
6. Көкөністерді, жемістерді, жидектер мен көкөніс шөптерін қолданар алдында мұқият жуыңыз.
7. Дайын тағамдарды тоңазытқышсыз, әсіресе ыстық ауа райында, 2 сағаттан артық сақтамаңыз.
8. Иісі, түсі немесе дәмі өзгерген тағам өнімдерін тұтынбаңыз.
9. Кездейсоқ адамдардан сатып алынған үй жағдайында дайындалған тағамдарды тұтынудан аулақ болыңыз.
10. Тағам дайындау кезінде, әсіресе ет және балық тағамдарын әзірлеуде температуралық режимді сақтаңыз.
11. Айқаспалы ластануды болдырмау үшін шикі және дайын өнімдерді бөлек сақтаңыз.
12. Тағам дайындайтын және тамақ ішетін орындарды таза ұстаңыз.
13. Тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығарып, қақпағы бар қоқыс контейнерлерін пайдаланыңыз.
14. Тағам сақтау және дайындау орындарында жәндіктер мен кеміргіштердің жиналуына жол бермеңіз
15. Жаппай демалыс орындарын ұйымдастыру кезінде жеткілікті мөлшерде дәретханалар, қолжуғыштар және қоқыс контейнерлерімен қамтамасыз етіңіз.
Есте сақтаңыз: қарапайым санитариялық-гигиеналық қағидаларды сақтау денсаулықты сақтауға және тағамнан уланудың алдын алуға көмектеседі.с

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/press/news/details/1229508?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version