Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік цифрлық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыруға және азаматтардың жеке деректерін қорғауды нығайтуға бағытталған нормативтік өзгерістерді қабылдағанын хабарлайды.
2025 жылдың 22 желтоқсанында Жеке деректерді қорғау шараларын жүзеге асыру Ережелері жаңартылды. Өзгерістер шектеулі қол жетімділікке ие жеке деректерге қол жеткізуді бақылауды нығайтуға бағытталған.
Атап айтқанда, 100 мыңнан астам жеке дерек жазбасын қамтитын деректер базаларымен жұмыс істеген кезде меншік иелері, операторлар және үшінші тұлғалар көп факторлы аутентификацияны қолданғанда әдістердің бірі ретінде биометриялық аутентификацияны пайдалануға міндетті. Бұл шара жеке ақпараттың үлкен массивтеріне рұқсатсыз қол жеткізу тәуекелдерін азайтуға және цифрлық жүйелердің қорғаныс деңгейін арттыруға бағытталған.
«Енді шектеулі қол жетімділікке ие 100 мыңнан астам жеке дерек жазбасын қамтитын базалармен жұмыс істегенде, биометриялық аутентификацияны қоса алғанда, көп факторлы аутентификация міндетті түрде қолданылады. Мұндай шара пайдаланушыларды нақты сәйкестендіруге және жеке деректерге бөтен адамдардың қол жеткізу тәуекелдерін, соның ішінде жүйеге басқа адамдардың логиндері мен парольдері арқылы кіру тәуекелін азайтуға бағытталған, – деп түсіндірді ҚР ЖИЦДМ вице-министрі Досжан Мұсалиев.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/test-test/press/news/details/1229367?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау