2026 жылғы 22 мамыр күні Байғанин ауданының әкімі Айбек Купенов аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық бағыттағы өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, әрбір азаматтың мәселесіне ерекше назар аударылды. Жалпы қабылдауға 8 тұрғын қатысып, өздерін толғандырған сауалдарын жеткізді.
Қабылдау кезінде көтерілген негізгі мәселелер:
▪️ тұрғын үй кезегі және баспанамен қамтамасыз ету;
▪️ тұрғын үй жағдайын жақсарту;
▪️ тұрақты жұмысқа орналасу және жұмыспен қамту;
▪️ әлеуметтік және материалдық көмек көрсету;
▪️ өзге де әлеуметтік бағыттағы өзекті мәселелер.
Әрбір өтініш пен ұсыныс жан-жақты қаралып, қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берілді. Сонымен қатар, жауапты бөлім және сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеліп, көтерілген мәселелердің орындалуы бақылауға алынды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1229312?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау