Ветеринария саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
20 мамыр күні БҚО ветеринария басқармасында Орал қалалық және аудандық ветеринариялық станция директорларының қатысуымен кеңейтілген жұмыс жиналысы өткізілді.
 
Жиында өңірдегі эпизоотиялық жағдай талқыланып, ауыл шаруашылығы жануарлары арасында тіркелген ауру ошақтарына байланысты атқарылып жатқан ветеринариялық шараларға тоқталды. Аурудың таралуына жол бермеу, профилактикалық жұмыстарды күшейту, вакцинациялау мен диагностикалық зерттеулерді сапалы жүргізу мәселелері қаралды.
 
Сондай-ақ:
ветеринариялық құжаттарды талапқа сай рәсімдеу;
2026 жылға жоспарланған ветеринариялық нысандар құрылысының жүргізілу барысы;
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу шаралары;
сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және Бірыңғай кадр жүйесімен жұмыс мәселелері талқыланды.
 
Жиналыс барысында жауапты мамандарға нақты тапсырмалар беріліп, ветеринариялық қызметтің тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігі атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-veterinaria/press/news/details/1229423?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version