Зейнетақы жинақтары: бүгінгі шешім – ертеңгі тұрақтылық.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Зейнетақы жинақтары: бүгінгі шешім – ертеңгі тұрақтылық.
Қазіргі таңда зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегіне қатысты өзгерістер қоғамда кеңінен талқылануда. Жаңа әдістеменің негізгі мақсаты – азаматтардың болашақтағы қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Зейнетақы жинақтары – бұл тек бүгінгі қажеттілікке арналған қаражат емес, ең алдымен қартайған шақтағы тұрақты табыс көзі. Сондықтан жеткіліктілік шегін есептеу кезінде азаматтардың болашақтағы әлеуметтік қорғалуы басты назарға алынады.
Жаңартылған әдістеме нақты өмірлік жағдайларды ескере отырып әзірленді. Яғни есептеу барысында еңбек өтілі, өмір сүру ұзақтығы, инвестициялық табыс және болашақтағы төлем көлемі секілді маңызды факторлар қарастырылады.
Мысалы, 40 жастағы азаматтың зейнетақы жинағы 8,5 миллион теңге болса, оның жасына сәйкес жеткіліктілік шегі 6,72 миллион теңгені құрайды. Бұл ретте азамат жинақтың белгілі бір бөлігін пайдалана алады. Алайда қаражатты мерзімінен бұрын алу болашақтағы зейнетақы төлемдерінің азаюына әсер етуі мүмкін.
Осыған байланысты мемлекет азаматтардың ұзақ мерзімді мүдделерін қорғауға және зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге басымдық беруде.
Зейнетақы жинақтары – әр азаматтың болашақтағы қаржылық қауіпсіздігінің кепілі. Сондықтан әрбір шешім болашақ жауапкершілігі тұрғысынан қабылдануы маңызды.
№ 1 Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлім басшысының м.у.а
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-uko/press/news/details/1229266?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version