ЖЕҢІС РУХЫНА ТАҒЗЫМ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

9 мамыр – Жеңіс күніне орай аудан орталығындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш маңында гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Тағзым шарасына аудан әкімі Ербол Жиенқұлов, аудандық мәслихат төрағасы Мұратбек Көкрекбаев, ардагерлер, мекеме және бөлім басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты.

Жиналған жұрт алдымен сұрапыл соғыс жылдарында майданда қаза тапқан боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Одан кейін аудан әкімі сөз сөйлеп, Жеңіс күнінің ел тарихындағы орны ерекше екенін атап өтті. Сондай-ақ, майдангерлердің ерлігімен қатар, тылда тынымсыз еңбек еткен азаматтардың қажырлы еңбегі бүгінгі бейбіт өмірдің негізін қалағанын айтты.

Соғыс жылдары ел басына түскен ауыртпалықты көтерген аға буынның қайсарлығы мен төзімі кейінгі ұрпақ үшін әрдайым тағылым болып қала беретіні де айтылды.

Салтанатты рәсім соңында ескерткішке гүл шоқтары қойылып, соғыста қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke/press/news/details/1229337?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version