8-9 маусым күндері Бірлік ауылдық округінде әкім аппаратының мамандары халық пен сауда субъектілері арасында түсіндіру-профилактикалық жұмыстар жүргізді. Ауылдық округтегі дүкендерде алкогольдік және темекі өнімдерін сату ережелері туралы ескертпелер таратылды. Ауыл тұрғындарымен алкогольді және темекіні шамадан тыс тұтынудың зияны, сондай-ақ аталмыш өнімдерді сатуда заңнамада белгіленген жас шектеулерін сақтау қажеттігі туралы әңгімелер жүргізілді.
Жүргізілген түсіндіру жұмыстары жауапты тұтыну мәдениетін қалыптастыруға және сауда саласындағы заңнаманы сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі іс-шаралардың бір бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, тұрғындарға интернет алаяқтықтың алдын алу, алкогольді тұтынудың зияны және жол қозғалысы ережелерін сақтау туралы ақпараттық буклеттер таратылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-birlik/press/news/details/1237542?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау