Еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және салауатты жұмыс орындарын қалыптастыру мәселелері бойынша семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 26 мамырда Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандарымен бірлесіп, «ҚТЖ – Жүк тасымалдары» ЖШС «Қызылорда» филиалы қызметкерлері арасында семинар өткізді. Іс-шара барысында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттар мен кәсіптік аурулардың алдын алу, жұмысшылардың денсаулығын сақтау және нығайту, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері талқыланды. Қатысушыларға еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы түсіндірілді. Семинар соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1231424?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version