ХРОМТАУДА ФУТЗАЛШЫЛАРҒА АРНАЙЫ МАРАПАТ ТАБЫСТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Хромтау қаласындағы №2 БЖСМ жанындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде футзал маусымының қорытындысына арналған марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шара барысында Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тлеумұратов футзал спортының жастарды тәртіпке, жауапкершілікке және салауатты өмір салтына баулудағы маңызын атап өтті. Сонымен қатар ауданымызда спорттың дамуына үлес қосып жүрген спортшыларға, жаттықтырушыларға алғысын білдіріп, олардың еңбегі кейінгі буынға үлгі екенін жеткізді.

Шара аясында маусым бойы жоғары нәтиже көрсетіп, аудан намысын абыроймен қорғаған футзал клубының ойыншылары мен бапкерлеріне арнайы марапаттар табысталды.

Кездесу соңында спортшыларға алдағы жарыстарда сәттілік тілеп, аудан спортының дамуына үлес қоса берулеріне сенім білдірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/1237452?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version